«Кыздын жолы» Эссе пж
Ответ
5 (2 оценки)
2
dinaorynbaeva7 2 года назад
Светило науки - 7 ответов - 0 раз оказано помощи

Қазақ халқы қыз баланы ерекше құрметтеп, тәрбиесіне айрықша көңіл бөлген. Оны мынадай мақалдар мен даналық сөздерден де аңғаруға болады.

«Қыз – қылығымен тәтті.»,«Қыз – қонақ», «Қыздың жолы жіңішке»,

«Қызға қырық жерден түю» — деген сияқты мақалдарда қыз баланың тәрбиесінің маңыздылығы туралы айтылғандай. Шынымен де, қыз баланың дүниеге келгеннен кейін жақсы тәрбие алып,бойжетуіне анасы көбірек көңіл бөледі,себебі қыздар өте нәзік, анасына бір табан жақын келеді.

Әлбетте, ата- ана үшін ұл болса да, қыз болса да дүниеге әкелген баласын -қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, өз қатарынан қалдырмай өсіріп жеткізу міндет. Бала біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Ал үш қызды дүниеге әкеліп, өсірген ана жұмақтың төріне барады деп айтады. Әрине қыз баланың тәрбиесі өте күрделі, әрі жауапты. Ертеде ата- бабамыз қыздарына әдемі әшекей бұйымдар салып, тағуының да өз мәнісі бар екен. Әшекей бұйымдар қыз баланың көркіне, әсемдігі мен нәзіктігіне өте жарасымды. Сонымен қатар, көз тимейді деп те ырым қылған. Салпылдаған қазақи ою- өрнекті сырғаның сылдырын естіртпей, ақырын басып жүруге сабырлы, нәзік, өте төзімді әрі мәдениетті де сыпайы болып өсуіне баулыған екен. Қазақ қыздарын болашақ ана, алдағы ұрпақ жалғастырушы халық қыздар мен бойжеткендер, апа – әжелерге үлкен құрметпен қараған. Сөйтіп, қыздарымыз – қылықты, ұлдарымыз — ұлықты болып өсе берсін, лайым.

Остались вопросы?