Менің досым Ақтабан эссе​
Ответ
4 (2 оценки)
1
musaevakalbinur3 2 года назад
Светило науки - 6 ответов - 0 раз оказано помощи

Ответ:

Киімнің жаңасы, достың ескісі- жақсы»,- дейді халық даналығы. Шынында да бала кезден бері келе жатқан досың- нағыз дос. Себебі ол достық барлық сындардан өтіп шыңдалады. Сенің жаныңда сені түсінетін, кез келген жағдайда көмек қолын созатын, сені сол қалпыңда қабылдайтын адам ғана қалады. Қалғандары Сәкен Сейфуллин атамыздың «Сыр сандығындағы» жем біткен кездегі тауықтай сырт айналады. Ондай достың болғанынан болмағаны жақсы, себебі өзің сенген адам жалған дос болып шықса, сенің адамдарға деген сенімің азаяды, жақын санаған адамың бөтен болып шықса, жүрегің ауырады, уайымға салынасың.

Достық дегенің- мен үшін киелі үғым. Бақытты балалық шағымнан бастап дос болып жүрген құрбыларым бар.

Солардың бірі- Майра. Екеуіміз бастауыш сыныптан бері доспыз. Жан сырымызды бірге бөлісеміз. Отбасылық қызықтарда да біргеміз. Майра- менің жалғыз қызым, көзімнің ағы мен қарасындай қуанышымның кіндік шешесі. Қызым жайлы естісімен қуанып, барлық жағдайымды жасауға көмектесті. «Нағыз достар қиналған сәтіңді өзі біліп көмекке келеді»,- деген халық нақылының шындығын өз басымнан өткіздім. Майра әрдайым маған жәрдемін аяған емес. Өз кезегімде мен де қолымнан келген көмегімді көрсетемін.

Біздің достығымыз отбасымыздағы балаларымызға да берілсе екен деймін.  Менің қызым Жансұлу Майраның  ұлы мен қызын жақын тарту үшін, бірін- бірі жақсы білу үшін үйлеріне жиірек баруға тырысамын, олар жа маған жиі келеді. Қызымның кіндік шешесіндей ұқыпты, еңбекқор, оқымысты, ал ұлы мен қызы – Дархан  мен Елданадай ақылды, кішіпейіл және білімге құмар болып өскенін қалаймын.

Өмірде  нағыз досы бар адам бақытты. Досыммен кейбір себептермен көп уақытқа дейін хабарласа алмай қалсам, елеңдеп іздеп тұрамын. «Жүз сом ақшаң болғанша, жүз досың болсын» деген сөздің мағынасының өте терең екендігін түсінгендей боламын. Өзім білім нәрімен сусындатып жатқан оқушыларыма да достық мағынасын түсіндіріп, Майра құрбым екеуіміздің татулығымызды үлгі етіп отырамын.

«What sap», «fasebook», «Instagram», «imo», «в контакте» дегендерді серік еткен қазіргі жастар біздің достығымыздың байыбына жете де алмас. Бірақ «бес саусақ бірдей емес» дегендей, ішінде сөз түсінер, достықтың парқын білер жас болады деп сенемін. Ал өзім досыма деген тілегімді:

Жан жосым, үстем болсын мерейің,

Әрқашан жеңісіңді көрейін.

Сырымыз да бітпесін,

Жырымыз да бітпесін,

Жырымыз да бітпесін!-

Деген ақын өлеңімен білдіргім келеді.

Остались вопросы?