текст
Ауыл – дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан ұғым. Ж.Әбдірашев: «Ауыл – қаланың анасы, анасын ұмытпайды баласы» - деген екен. Ауыл – әр халықтың, соның ішінде қазақ халқының алтын бесігі, темірқазығы. Ұлтымыздың салт-дәстүрі, қаны мен жаны сол ауылдан басталады. Халық мақтанышына айналған әйгілі арыстарымыздың бәрі де сол ауылдан шыққан. Сондықтан да елімізді көркейтуге осы бастан өз үлесімізді қосуға тиіспіз. Ал біздің үлесіміз – сапалы білім алып, ел болашағын ойлайтын азамат болу. «Ауыл түбі – бірлік, қауым түбі – тірлік» деген мақал ауылдыңэтникалық,экономикалықжәне рухани маңыздылығын білдіреді.
Ауыл адамдары қала адамдарына қарағанда салтты берік ұстанады, қарапайым, жомарт, ашық, кішіпейіл, бауырмал, мейірімді болып келеді. Себебі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып барлығы ауылда жақсы сақталған. Ауыл адамдары кеш ұйықтап, ерте тұрады. Ауылда таза ауа, дала тып-тыныш болады.
Қала өмірі тынымсыз тірліктен тұрады. Таңнан кешке дейін көліктің дауысы құлақ тұндырады. Қаптаған халық, у да шу. Қала адамдары барлық жаңалықтан хабардар, бірақ көбіне өзімшіл болып келеді.
задача
1.Берілген тұжырымдардан «дұрыс», «бұрыс» ақпараттарды анықтаңыз.

Тұжырым Дұрыс Бұрыс
А Таңнан кешке дейін көліктің дауысы құлақ тұндырады.
В Ұлтымыздың салт-дәстүрі, қаны мен жаны ауылдан басталмайды.
С Халық мақтанышына айналған әйгілі арыстарымыздың бәрі де сол ауылдан шыққан.
Ответ
0 (0 оценок)
0
kilybaevatogzhan 2 года назад
Светило науки - 14 ответов - 0 раз оказано помощи

Ответ:

А дұрыс В бұрыс С дұрыс

Объяснение:

Остались вопросы?