Қазақ өте қонақжай халық. Қонақтың алдына барлық тәтті тағамды қойған. Бұл дәстүр ұрпақтан — ұрпақққа жалғасуда. Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған, әрі қастерлей білген. «Ас-адамның арқауы», «Ас атасы — нан», «Жаман ауруға —жақсы ас» деп халық тегін айтпаған. Асқа байланысты салт-дәстүрлер: қонақасы, табақ тарту, сарқыт, асар, т.б. Ырым бойынша дастарқанға қойылған дәмнен ауыз тимей кетуге болмайды. Қазақ дастарқанына ұннан, сүттен, еттен жасалған тағамдар қояды. Қазақтың ұлттық тағамдарының ішінде еттің орны ерекше. Eт дәмділігімен және өзінің құрамындағы адам организміне пайдалы белоктық заттармен құнды. Үлкен тойларда, тағы басқа жиындарда мал сойылып, меймандарға табақ тартылады. Алуан турлі қуырдақ, қазақша ет, бұқпа, көмбе, сырбаз секілді тағамдар дастарқанымыздың қадірін арттыра түседі. Ұлт тағамдарының негізі болып табылатын сүттің орны бөлек. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен «ақ» деп атайды. Сүттен қымыз, шұбат, қатық, малта, май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ, айран сияқты тағамдар жасаған. Сүт тағамдарының қасиеті мол, әрі денсаулыққа пайдалы. Ұннан жасалатын тағамдар: бауырсақ, шелпек, құймақ, күлше, таба нан. «Дәнді шашпа, нанды баспа» деп халқымыз нанды аса құрметтеген.Бұл тағамдардың бәрін ысырап етпей пайдалана білген.   ЕРЕЖЕ Етістік — заттың іс-әрекетін қимыл білдіріп Не істеді? Не істеп жатыр? Не істейді? сұрақтарына жауап береді.   Глагол — часть речи, которая обозначает действие и отвечает на вопросы что делать? что сделать?   1-тапсырма.  Мәтін бойынша 5 сұрақ дайындаңдар. (составить 5 вопросов по тексту) 2-тапсырма. Мәтіннен етістіктрді теріп жазыңдар. (выписать из текста глаголы) 3-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдерді аяқтаңдар. (Закончите пословицу) Досыңның үйінде, ............... Ат – адамның қанаты, ас ............... Ас үстінен аттама, ................. Алтын, күміс - тас екен, ................. Ас - атасы нан, ....................   Тест сұрақтары 1Қазақ халқының ұлттық тағамына байланыста салтын атаңдар  А) сорпа дайындау               Б) палау дайындау  С) соғым сою                     Д) кәуәп дайындау  2. Төмендегілердің қайсысы нан тағамдарына жатады  А) шұбат              Б) шұжық          С) тары                   Д) бауырсақ  3.Наурыз көжеге қанша түрлы дәм қосады?  А) бес                   Б) екі                С) сегіз                   Д) жеті 4.Қазақ халқы биенің сүтін не деп атайды?  А) сүт                 Б) шұбат            С) айран                  Д) қымыз  5.Түйенің сүті қалай аталады?  А) қымыз            Б) айран           С) шұбат                  Д) қаймақ 6.Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңдар  Түйе маған ................. береді  А)сүт                 Б) шұбат             С) айран                 Д) қымыз  7. Берілген сөйлемде септеулік шылаудың қай септікпен тіркескендігін табыңдар .  Біз сыныпта ұлттық тағамдар туралы оқыдық  А) атау               Б) барыс            С) шығыс                 Д) көмектес ​
Ответ
0 (0 оценок)
1
pakzulhumar 2 года назад
Светило науки - 8 ответов - 0 раз оказано помощи

Ответ:тест: 1C

2.Д

3.Д

4.С

5.С

6.Б

7.А

Объяснение:

Остались вопросы?