Қазақстан жеріндегі әскери – өнеркәсіп кешендерінің Қазақстанға тигізген зардаптарын талдаңыз  1. Пайда болу себептер

Пж срочно 9 класс​
Ответ
5 (4 оценки)
18
tastemirmerej241 2 года назад
Светило науки - 3 ответа - 0 раз оказано помощи

Ответ:

Объяснение:

Соғыстан кейінгі кезеңде экономиканы одан әрі әскерилендіру жалғасты. Қазақстан аумағында аса қуатты әскери-өнеркәсіп кешені қалыптасты. Қазақстандағы әскери өнім шығарған кәсіпорындардың бірі - Алматы ауыр машина жасау зауыты болды. Курчатов қаласында ядролық зымырандардын қозғалтқыштары дайындалды. Петропавлдегі ауыр машина жасау зауытында орта қашықтықтағы баллистикалық зымырандар жасалынды. Орал қаласының кәсіпорындары ірі калибрлі пулеметтер шығарды. Енді осы шығарылған қару жарақтарды сынау қажет болды.

Содан Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Алғашқысында сынақтар халыққа ескертілместен жүргізілді. Осындай сынақтардың Қазақстанның қоршаған ортасы мен халыққа тигізген зардаптары айтып жеткізу мүмкін емес.

Республикамыздағы демографиялық апатты аймақтардың бірі - осы Семейдегі ядролық сынақ алаңы болды. Бұл сынақ алаңы адамның психологиясына және миграциялық мінез құлқына қатты әсер етті. Адамдарда солардың ішінде әйел адамдар психологиялық тұрғыдан зардап шекті. Яғни оларда қорқыныш, үрей сезімі пайда болды. Олар сау болса да, денсаулығы нашар сәбилерді дүниеге әкелуге қорықты. Бұл сезім радиафобия деп аталды.

Міне, әскери-өнеркәсіп кешендерінің халыққа тигізген зардаптары аз болмады.

Остались вопросы?